
Тұмауды емдеудің кешенді тәсілі: дәрігердің ұсыныстары
Тұмау – бұл гайморит немесе созылмалы ринит сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін суық тию ауруларының жиі серігі. Сондықтан тек белгілерді ғана емес, қабынудың себебін де емдеу маңызды.
Тұмау (ринит) – бұл жай ғана уақытша жайсыздық емес, кешенді емдеуді қажет ететін мұрынның шырышты қабатының қабыну процесі.

Тұмауды емдеудің кешенді тәсілі
- Мұрынды тұзды ерітінділермен шаю
- Мұрын қатты бітелген жағдайда тамыр тарылтатын тамшыларды қолдану (5–7 күннен аспау керек)
- Ауаның ылғалдылығын сақтау және шырышты сұйылту үшін мол сұйықтық ішу
- Емдеудің маңызды бөлігі – қабынуды жою және инфекциямен күресу. Бұл жерде табиғи өсімдік сығындыларынан жасалған препараттар көмекке келеді:
🌿 Шерменгүл – қабынуға қарсы және иммунитетті күшейтетін әсерге ие
🌿 Қымыздық – ісінуді азайтып, бактерияларға қарсы әрекет етеді
🌿 Аюбадам – мұрынның бітелуін жеңілдетіп, шырыштың шығуын ынталандырады
🌿 Нарқайсар – мұрын қуыстарының дренажын жақсартып, қабынуды басады
🌿 Наурызгүл – шырышты сұйылтып, оның шығуын жеңілдетеді
Жылдам сауығу үшін жалпы ұсыныстар
- Бөлмедегі ауаны ылғалдандырыңыз
- Көбірек сұйықтық ішіңіз (жылы шай, шөп қайнатпалары, су)
- Салқын тигізуден және тітіркендіргіш заттармен байланыстан аулақ болыңыз
Өз бетімен жасауға болмайтын нәрселер:
- Мұрын аймағына қыздыру процедураларын жасамаңыз – бұл асқынуға әкелуі мүмкін.
- Таблетка, тамшы немесе спрей түріндегі бактерияға қарсы препараттарды қолданбаңыз – олар вирустық инфекцияларға қарсы тиімді емес.
- ЖРВИ кезінде антигистаминдік дәрілерді қабылдамаңыз – олар бұл жағдайда пайдасыз.
Егер асқыну белгілері пайда болса (ұзаққа созылған тұмау, қойнау аймағында ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы) – дәрігерге жүгіну маңызды.
Суық тию кезіндегі тұмауды кешенді емдеу – тез сауығудың кепілі!
Қолдауымен дайындалған

м.ғ.д., профессор, педиатр-дәрігер