Синупрет сироп продуктовая страница
Синупрет сироп продуктовая страница
1/1

Тұмау? Уақытында емдел!

Синупрет® шәрбаты

  • 2 жастан бастап емдеуге арналған!
  • Кешенді емдік әсер етеді
  • Мұрынның және мұрын маңы қуыстарының қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады, мысалы, риносинусит және ринит (тұмау).
  • Басқаша көрсетілмесе, Синупрет шәрбаты төмендегі кестеге сәйкес жасына сәйкес дозада және берілген өлшеуіш қалпақшаның көмегімен күніне үш рет қабылданады. Препаратты қолданар алдында құтыны шайқаңыз!
Жасы Бір реттік доза Тәуліктік доза
2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар 2,1 мл 6,3 мл
6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар 3,5 мл 10,5 мл
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер 7,0 мл 21,0 мл

Табиғи өсімдік тектес құрамды

Иконка состав Синупрет

3 емдік әсер1

Иконка 3 действия Синупрет

Бірнеше дәрілік түрі бар

Иконка формы выпуска SIN

Тұмау мен риносинуситті емдеуге арналған

Иконка применение SIN
Состав - все травы Синупрета

Фитониринг концепциясы

Синупрет® шәрбаты: өсімдік кешенінің құрамы

Синупрет® шәрбатының құрамында бес өсімдіктің сұйық сығындысы бар: шерменгүл тамыры, наурызгүл гүлдері, қымыздық шөбі, аюбадам гүлдері және нарқайсар шөбі. Препараттың 1 мл құрамында 417 мг сұйық сығынды бар.

Өсімдік кешені секретті сұйылтуға, оның шығарылуын қамтамасыз етуге және мұрын қуысы мен мұрын қосалқы қуыстарындағы қабынуды азайтуға ықпал етеді. Синупрет® шәрбатын ересектер мен екі жастан бастап балаларға қолдануға болады, ал қажетті дозасы жасына қарай өлшенеді.

Синупрет® шәрбаты: ол не үшін қолданылады

Препарат жедел және созылмалы риносинусит кезінде қолданылады. Ауру әдетте тән белгілермен қатар жүреді.

Воспаление слизистой оболочки носа и пазух

Мұрынмен тыныс алу қиындағанда

Шырышты қабықтың қабынуы мен ісінуі бөлінді аз болғанның өзінде мұрынның айқын бітелуіне әкелуі мүмкін.

SIN KZ: Выделение густой слизи

Тұмау кезінде немесе жұтқыншақтан бөлінді болғанда

Бөлінді мұрын арқылы сыртқа шығуы немесе жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы төмен ағуы мүмкін.

Головная и лицевая боль

Бас және бет ауырғанда

Мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы кейде маңдай, ұрт және мұрын үсті аймағында қысым немесе ауырсыну сезімімен қатар жүреді.

При кашле у ребенка

Бала жөтелгенде

Күндізгі немесе түнгі жөтел балалардағы риносинуситтің көріністерінің бірі болуы мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтарға қосымша жауаптар сайт мәзіріндегі сілтемеде

Сұйық түрі қатты таблеткаларды жұту қиындық туғызатын кіші жастағы балалар үшін арнайы жасалған. Шәрбат 2 жастан бастап қолдануға рұқсат етіледі және жағымды шие дәмі бар.

Сұйық түрі қатты таблеткаларды жұту қиындық туғызатын кіші жастағы балалар үшін арнайы жасалған. Шәрбат 2 жастан бастап қолдануға рұқсат етіледі және жағымды шие дәмі бар.

Пікірлердің көпшілігінде шәрбаттың бала ағзасына жұмсақ әсер ететіні және «қою маңқаны» тез сұйылту қабілеті атап өтіледі. Сондай-ақ ата-аналар балалардың дәріні қыңырланбай ішуіне мүмкіндік беретін жағымды дәмін атап өтеді.

Препаратты қабылдау мен тамақтану арасында байланыс жоқ. Алайда ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, балада асқазанның сезімталдығы жоғары болған жағдайда шәрбатты тамақтан кейін берген немесе аз мөлшерде сумен ішкізген дұрыс.

Мәселе жайында толығырақ

Қайдан сатып алуға болады?

Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз