СИН Риниттің асқынуы — синусит

Ринит синуситке қарсы: негізгі айырмашылықтары және емдеу бойынша кеңестер

Риниттен синуситке дейін — ринит қалай синуситке айналады және олардың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?

Бәрімізге белгілі, күз бен қыс мезгілдері жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларымен жиі байланыстырылады және олардың ішінде ринит ең алдыңғы орында тұрады. Бұл әдетте жеңіл өтетін, өздігінен жазылатын жағдай, көбіне ерте кезеңде вирустық инфекциямен байланысты және симптоматикалық түрде емделеді. Дегенмен, тіпті жеңіл ринит те, егер адам өзін дұрыс күтпесе, синусит сияқты ауыр жағдайға айналуы мүмкін.

Тұмау (ринит) дегеніміз не?

Ринит — тұмаудың жалпы атауы. Вирустық инфекция әсерінен мұрынның шырышты қабығы ісініп, көп мөлшерде шырыш бөле бастайды. Бұл ағзаның вирустарды шығарып тастауға бағытталған қорғаныс механизмі және түшкірумен, қышумен, мұрынның жыбырлауымен, иіс немесе дәм сезудің жоғалуымен жүреді. Бұл жағдай әдетте жеңіл өтеді және бірнеше күн ішінде толық жазылады, егер адам өз денсаулығына мұқият болып, дәрігер кеңесін орындап, иммунитеті жақсы болса.

Ринит кезіндегі науқастарға арналған ұсыныстар, міндетті түрде демалу және жеткілікті мөлшерде ағзаны сұйықтықпен қамтамасыз ету өте маңызды. Қажет болған жағдайда деконгестанттар және шырышты сұйылтатын дәрілер қолдануға болады. Мұндай жағдайда емдеу тек жайсыздықты азайтады, бірақ ауруды толығымен тоқтатпайтынын түсінген жөн.

Риниттің асқынуы — синусит

Өкінішке қарай, жоғарғы тыныс жолдарының вирустық инфекциясы кейде асқынып, синуситке әкелуі мүмкін. Бұл кезде қабыну мұрын жолдарымен қатар мұрын қосалқы қуыстарының шырышты қабығына да тарайды, екіншілік ісіну желдетуді бұзып, бактериялық инфекцияға әкеледі. Науқас мұны күйінің күрт нашарлауы ретінде сезеді. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгіну қажет, себебі бұл тек белгілерді ғана емес, аурудың нақты себебін емдеуді талап етеді.

Риниттің асқынуы — синусит

Синуситтің белгілері – оны қарапайым инфекциядан қалай ажыратуға болады?

Бірінші ескерту белгісі ұзаққа созылған ринит, ол уақыт өте жеңілдемей, керісінше, жаңа белгілермен күшейе түседі. Ең жиі кездесетін белгілері:

  • Бас ауруы, дене қалпын өзгерткенде күшейіп, солқылдап ауыруы,
  • Мұрынның қатты бітелуі, қабынған бөлінділерді тазалап шығара алмау.

Егер инфекция бактериялық сипатта болса, келесі белгілер қосылуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, бұлшықет ауыруы. Белгілердің ұзақтығы 5–7 күннен артық болса, бұл әдеттегі суық тиюден ерекшеленеді.

Емдеу – синуситпен қалай күресу керек

Синусит анықталған кезде емдеудің алғашқы мақсаты — мұрын қосалқы қуыстарындағы шырышты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдету. Дәрігер науқастарға тыныс алуды жеңілдету үшін деконгестанттар қолдануды ұсынуы мүмкін. Және ауруды басатын және қабынуға қарсы дәріледі қолдануға болады. Дәріханаларда кей жағдайда муколитикалық, қабынуға және бактерияларға қарсы әсері бар кең әсер ететін өсімдік тектес препараттарды синуситпен ауыратын науқастарға ұсынады.

Медициналық ұсыныстарға сәйкес, синусит кезінде мұрын қуысын тұзды ерітіндімен шаю пайдалы, бұл әдістің негізгі мақсаты – бактериялардың көбеюіне жақсы жағдай жасайтын шырышты тазарту. Концентрацияланған ерітінді синустардың дренажын жақсарта отырып, шырышты қабықтағы ісінуді азайту арқылы мұрын арқылы дем алуды жеңілдетеді.

Егер аурудың себебі бактериялық инфекция болса (бұл сирек кездеседі, көбіне себебі вирустар болады), дәрігер антибиотиктер тағайындауы мүмкін, бұл инфекцияның себебін тиімді жоюға және оның қайталануын болдырмауға көмектеседі.

Қолданылған әдебиет тізімі:

  • Жедел респираторлық вирустық инфекциялар: оқу құралы / М.А.Андрейчин, В.П. Малый, Л.Я. Ковальчук [және т.б.]; М.А.Андрейчин, В.П.Малый редакциясы - Тернополь: ТҰМУ, 2011. – 304 б.