СИН Маусымдық инфекциялар

Неге жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары қыста жиі кездеседі?

Бәріміз білеміз, күз бен қыс – біз жиі ауыратын маусымдар. Бірақ неге олай деп ойланып көрдіңіз бе? Бүгін осының негізгі нақты себептерін қарастырамыз.

Маусымдық инфекциялар

Күзгі және қысқы суық тию — бұл патогенмен, көбінесе вирустармен, кейде бактериялармен шақырылатын ауру екендігі бізге белгілі.
Белгілеріне тұмау немесе мұрын бітуі, түшкіру, жөтел, тамақтың ауыруы, жалпы әлсіздік сезімі, дімкәстік, бас ауруы, орташа дене қызуының көтерілуі.

Сіз суықтап қалдыңыз — енді ауырып қаласыз — шындық па әлде миф пе?

Күз бен қыста инфекциялардың жиілеуінің ең кең таралған себебі - төмен ауа температурасы. Бала кезімізден бастап, егер суықтап қалсақ, міндетті түрде ауырып қаламыз деген сөзді естіп келеміз. Бірақ бұл шынымен де солай ма? Әрине, суық температура мен ықтимал ауруларға бейімділіктің жоғарылауы арасында байланыс бар, бірақ бұл жанама байланыс. Тек суықтап қалу жеткіліксіз.

Иә, зерттеулер оның біздің иммунитетімізді әлсірететінін көрсетеді, бірақ аурудың дамуы үшін патоген қажет, ал ол көбінесе вирус болатынын және ол біреуден жұғуы керек екенін есте сақтау маңызды.

Ауа температурасының төмендеуімен және күз-қыс мезгіліндегі аурулардың артуымен байланысты тағы бір фактор ол микроорганизмдер, әсіресе вирустар, төмен температурада жақсы көбейеді, бұл бізді суықтап немесе су болып қалғанда оларға сезімталдығымыздың артатынын білдіреді.

Біздің күнделікті өмір салтымыздың өзгеруі

Иммунитетімізді төмендететін және бізді ауруларға көбірек бейім ететін өте маңызды фактор біздің күнделікті өмір салтымыздың өзгеруі. Суық айларда біз таза ауада физикалық белсенділікпен аз айналысамыз. Нәтижесінде біз жылы, құрғақ, нашар желдетілетін бөлмелерде көбірек уақыт өткіземіз, бұл тыныс жолдарының шырышты қабаттарының ылғалдылығы азайып, олардың тазарту функциясы әлдеқайда төмен және вирустардың енуіне төзімділігі әлсіз болатынын білдіреді.

Бұдан бөлек, қыстағы рационымыз қоректік заттар мен дәрумендерге әлдеқайда кедей, ең алдымен бұл жаңа жеміс-жидектер мен көкөністердің қолжетімділігі азайып, жоғары өңделген өнімдерді көбірек тұтынуымызға байланысты. Ағзадағы дәрумендер, минералдар және антиоксиданттар деңгейі төмендейді, бұл бізді ауруларға әлдеқайда сезімтал етеді. Суық ауа райында көптеген адамдар суды аз ішеді, бұл да шырышты қабаттардың құрғауына, метаболикалық процестердің баяулауына және сыртқы патогендерден қорғауға арналған біздің табиғи қорғаныс тосқауылдарымыздың жанама түрде әлсіреуіне себеп болады.

Соңғы, бірақ маңызды фактор бұл D дәруменінің тапшылығы, қыста оның түзілу процесіне қатысатын күн сәулесінің аз болуының нәтижесінде біз оны теріде өндіре алмаймыз. D дәрумені деңгейінің төмендеуі иммундық жүйенің әлсіреуіне және инфекциялар қаупінің артуына әкеледі.

Суық айларда біз адам көп жиналатын жерлерде, жабық және желдетілмейтін бөлмелерде жиі боламыз, және бұл науқас адаммен кездесіп, вирустың тікелей байланыс немесе ұсақ тамшылар арқылы таралу ықтималдығын сөзсіз арттырады.

Маусымдық инфекциялар 2

Қалай маусымдық инфекциялардан сақтануға болады?

Күзгі және қысқы айларда біз иммунитетімізді нығайтып, вирустық инфекция қаупін азайту үшін бірнеше әрекет жасай аламыз:

  • Дененің тоңуына немесе қатты қызуына жол бермеу үшін киімді қабаттап киіңіз,
  • Суық тиген адамдармен байланыстан аулақ болыңыз және негізгі гигиена ережелерін сақтаңыз,
  • Адам көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз,
  • Ағзаға жеткілікті ұйқы мен демалыс қамтамасыз етіңіз,
  • Әртүрлі тағамдармен тамақтануға тырысыңыз,
  • Су теңгерімін сақтаңыз, бөлмедегі ылғалдылықты қадағалаңыз,
  • Көбірек таза ауада болыңыз және бөлмені үнемі желдетіп тұрыңыз,
  • D дәрумені бар қоспаларды қабылдауды ұмытпаңыз,
  • Қажет болған жағдайда рационыңызға тағамдық қоспаларды, сондай-ақ иммунитетімізді қолдауға арналған шөптік құралдарды қосыңыз.

Қолданылған әдебиет тізімі:

  1. Оториноларингология : оқулық / А. А. Горохов, Ю. К. Янов, В. В. Дворянчиков, В. Г. Миронов; ред. А. А. Горохова. — Санкт-Петербург: СпецЛит, 2017.
  2. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар: оқу құралы/ М. А. Андрейчин, В. П. Малый, Л. Я. Ковальчук [и др.]; ред. М. А. Андрейчина, В. П. Малого - Тернополь.: ТДМУ, 2011. – 304 б.